«ЖетісуИнвест – 2019» форумы

«ЖетісуИнвест – 2019» форумы

Жақында Талдықорғанда өткен халықаралық «ЖетісуИнвест – 2019»:«Қаржы құй. Өмір сүр. Саяхатта» атты форумында құны 300 млрд. теңгеден астам сомалық 10-нан астам келісімшартқа қол қойылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталымыш ннвестициялық форум облыс әкімдігі және облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы орналасқан Көрме кешені ғимаратында өтті. «Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі» АҚ тәуелсіз директоры, директорлар кеңесінің мүшесі, «ВТБ банк – Қазақстан» АҚ-ның тәуелсіз директоры Досым Қыдырбаев ашып, жүргізген форумға 7 мемлекетінен 500-ден аса делегат қатысты. Олардың арасында елшілер, атақты бизнесмендер, ірі трансұлттық және отандық компаниялардың, мемлекеттік құрылымдардың, қаржылық ұйымдардың өкілдері де болды. Алдымен жиынға келген қонақтары «Гласман», «Лепсинск өнімдері», «Лукойл Азия Лубрикантс», «Маревен Фуд Тянь-Шань», «JLC сүт» ЖШС-лары, «Қадам KZ», «Arba wine» ЖК-лары, Ақсу, Көксу қант зауытты сияқты 40 компания ұйымдастырған көрмесімен танысты.

Оның барысында қатысушылар көрмедегі өнімдердің дәмін көріп, компаниялар өзара байланыс мәліметтерімен алмаса отырып ынтымақтастық байланыстарын нығайтуға мүмкіндік алды. Отырысқа қатысқан облыс әкімі Амандық Баталов сөз сөйлеп, елімізде жаңа кәсіпорындардың ашылып, жаңа жұмыс орындарын көбейіп жатқаны аталмыш форумға келіп отырған бизнесмендердің қосқан үлесі көп екенін айтып өтті.

– Бүгінде біз аграрлық аймақтан аграрлық-индустриалдық аймаққа айналдық. Осы жылы өнеркәсіп өндірісі 1 трлн. теңгеге жуықтайды, ал ауыл шаруашылығында 850 млрд. теңгенің шегінен астық. Бұл бизнес-қауымдастықпен бірлесе атқарған жұмыстың нәтижесі. Аталмыш форумның арқасында жаңа келісімдерге қол жеткізіп, өзара іскерлік қарым-қатынастар нығаяды деп сенемін – деді Амандық Ғаббасұлы.

Мұнан кейін «Altay Asset Management», «Лукойл Лубрикантс», «Leroy Merlin», «БайсеркеАгро» сияқты облыста жұмыс істейтін отандық инвесторлардың, ірі трансұлттық компаниялар өкілдері өз компанияларының қызметі туралы, өңірдегі инвестициялық климаттың жайлылығын, бизнесті дамытуға жағдай жасалып отырғанын айтып өтті. Сондай-ақ, басқосуда кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлер мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шараларына кеңінен тоқталды. Жалпы, жиын барысында бизнес қауымдастықтың өкілдері өзара тәжірибелерімен бөлісіп, қызу пікір алмасты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях