Ұстаздардың кәсіби мерекесі аталып өтті

Ұстаздардың кәсіби мерекесі аталып өтті

Бүгін аудандық Мәдениет үйінде қарасайлық педагогтардың кәсіби мерекесі аталып өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Ұстаздар қауымын мерекелерімен аудан әкімі Жандарбек Далабаев арнайы келіп құттықтап, ізгі лебізін білдірді. Мұнан кейін бірқатар мереке иелері ел алдында марапатталды. Атап айтқанда, Жандарбек Ермекұлы өз атынан жоғары біліктілігі мен кәсіби шеберлігін еліміздің болашағы жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге арнаған табысты еңбегі үшін Құрмет грамотасымен он сегіз мұғалімді, ал Алғыс хатымен жиырма алты мұғалімді марапаттады.  Бұдан бөлек, аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Шара Қанатқұлқызына Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатын табыстады.

Салтанатты басқосу әрі қарай қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен  қонцерттік бағдарламаға жалғасты. Мерекелік жиын барысында  Сейфуллин Жолбарыс, Мирас пен Құралай, Бақыт Шадаева, Жеңіс Ысқақова, Саят Медеуов   ән шырқап, көрерменге жақсы көңіл күй сыйлады. Мерекелік жиынның соңы Үшқоңыр орта-гимназия мектебінің оқушыларынан құралған хорының орындаған «Ұстазым» әнімен аяқталды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях