Білікті жас маман, білгір жас мұғалім

Білікті жас маман, білгір жас мұғалім

Ұстаздық бұл өмірдегі ең жақсы, ең адал, ең жауапты, қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін мaмaндықтардың бірі. Елімізде бұл әрдайым мадаққа ие мамандық иелерінің мейрамы қазан айының алғашқы жексенбісінде аталып өтеді. Мемлекетіміз Тәуелсіздікке қол жеткізіп, өз алдына дербес ел болғаннан бері педагогтар жас ұрпаққа заман талабына сай, әлемдік жүйеде сапалы білім, саналы тәрбие беруге барынша ден қойып келеді. Ендеше, бүгінгі мақаламыз сондай жаңалыққа жаны құмар ұстаз, жас маман – Жасұлан Бейсенбаев жайлы өрбімек.

1988 жылы туған Жасұлан Балымжанұлы Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің тумасы. Ол ұстаздық қызметіндегі еңбек жолын өзінің өсіп-өнген ауылы Шамалған бекетіндегі Ы.Алтынсарин мектебінде бастайды. Міне, биыл онда жұмыс істеп келе жатқанына 3 жылға жуықтаған. Аталмыш білім ордасында алғашқы-технологиялық әскери дайындық пәнінің оқытушы ұйымдастырушысы болып істейді. Ол 2016 жылы мектеп директорының қолдауымен өзіне алыс емес саладағы «Жасұлан» деп аталатын әскери-патриоттық клубын ашады. Клубтың негізгі мақсатын да айта кеткен жөн болар, мұнда балаларды шығармашылық, спорттық және интеллектуалдық бағытта дамыту жолға қойылған. Өзі қызмет ететін білім мекемесінің қоғамдық жұмыстарына белсене атсалысатын Жасұлан мұғалімнің белді спортшы екенін айтпай кетуге болмас. Қазір мұғалімдік қызметіне қоса Қаскелеңдегі №1 Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде армрестлингтан жаттықтырушы. Сондай-ақ, шәкірт тәрбиелеп қана қоймай түрлі дүбірлі әлемдік деңгейдегі додаларда топ жарып жүрген ол оқ атудан спорт шеберіне үміткер болып, армрестлингтан спорт шебері атанып үлгерген. Бойындағы жастық жалынын босқа емес, тынымды, нәтижелі жұмыстарға жұмсап жатқан Жасұлан Балымжанұлы алдағы жоспарымен бөліскенде, тіпті, таң қалдырды. Жуырда, пластик өңдеуден өткен екі шебер сабаққа қатысып, қазір сол құрылғыны оқушылармен бірлесіп құрастырып жатыр екен. Толықтай құрылғыны жинақтап біткен Ы.Алтынсарин мектебінің алдына пластикалық заттарға арналған қоқыс жәшігін қойылады. Сөйтіп, онда жиналған пластиктер өңделіп, одан жаңа қолданысқа жарайтын дүниелерді шығарады екен. Жобалары аяқталған соң тағы да хабарлайтындықтарын жеткізді. Өз білгенін өн бойына ұстамай шәкірттерімен бөлісіп жүрген Жасұлан Ғалымжанұлына алға қойған жұмыстары өрлей беруін тіледік. Кәсіби мерекеңіз құтты болсын, жас ұстаз!

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях