«TALANTTY  JASTAR» республикалық өнер-білім байқауы

«TALANTTY  JASTAR» республикалық өнер-білім байқауы

Ауданымызда жас өнерпаздардың «TALANTTY  JASTAR» республикалық өнер-білім байқауы ұйымдастырылады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Байқаудың негізгі мақсаты — Елбасымыздың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасы, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы және Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай, сонымен қатар «Жастар жылын» қолдау, жастардың рухани, мәдени, білім алып, кәсіби толыққанды дамуы, ойдағыдай әлеуметтенуі және олардың әлеуетін елді одан әрі дамытуға бағыттау үшін жағдайлар жасау, рухани-мәдени құндылықтарға, еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, ұрпақтар сабақтастығына, отбасылық тәрбиенің басымдығына негіздей отыра, бүлдіршіндерімізді, оқушыларымызды, білімгерлерді, студенттерді, жас мамандарды және кәсіби- тәжірибелі ұстаздардың өнер мен білімдерін шыңдау, қолдау, бағалау, кәсіби біліктілігін көтеру арқылы, бәсекеге қабілетті  кәсіби жобаларға шығуына жол ашу.

«TALANTTY  JASTAR» республикалықӨнер-білім байқауына қатысты ақпараттар төменде:

ӨТЕТІН ЖЕРІ:  Қарасай ауданы, Қаскелен қаласы

ӨТЕТІН   күні:  13 қыркүйек  тіркеу күні, сағат 11.00 -18.00

14 қыркүйек байқау күні, сағат 10:00 де басталады

Өтетін уақыты: 10.00 – 13.00 байқау шарасы

13.00-14.00 түскі үзіліс

14.00 – 18.00 байқау шарасы

18.00 – 19.00 марапаттау

19.10 – Эстрада жұлдызының қатысуымен, Гала концерт

ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ:

  • 3-6 жас аралығы- даярлық топ;
  • 7-9 жас аралығы бастауыш топ;
  • 10-13 жас аралығы – естияр топ;
  • 14-18 жас аралығы- ересек топ;
  • 19-25 жас аралығы- жоғары топ;(жас мамандар,студенттер)
  • 26-30 жас аралығы —  жас мамандар;
  • 31-63 жас аралығы — ұстаздар қауымы.

БАЙҚАУ БӨЛІМДЕРІ:

  • Вокал жанры: халықтық, академиялық, эстрадалық еркін тақырыптағы  1 шығарма  ( соло, вокалдық топтар, хор);
  • Дәстүрлі ән орындаушылары: еркін тақырыптағы 1 шығарма;
  • Аспапта орындаушылық: барлық музыкалық аспаптар (жеке және топтық) еркін тақырыптағы  1 шығарма;
  • Көркем сөз: еркін тақырыптағы 1 шығарма;
  • Би өнері: жеке және топтық еркін тақырыптағы 1 шығарма;
  • Жас ғалым: ғылыми зерттеу жұмыстары еркін тақырыптағы 1 ғылыми жоба;
  • Қолөнер және бейнелеу өнері: еркін тақырыптағы 2-3  жұмыс
  • Жас қалам: авторлық еркін тақырыптағы 1 шығарма;
  • Жас сахна: театрландырылған қойылымдар еркін тақырыптағы 1 қойылым,
  • Сəн үлгісі: мода коллекциясы еркін тақырып;
  • Әзіл- сықақ: Көңілді тапқырлар алаңы;
  • Жүргізушілік өнер
  • Ұстаздар: авторлық бағдарламалар, әдістемелік нұсқау, құралдар, үздік сабақ жоспары, тәрбие жұмыс жоспары, портфолио;

ЕСКЕРТУ!  Байқауға  қатысушылардың  барлық шығындарын, жіберуші жақ, яғни қатысушы жақ төлейді.

ҚАТЫСУ ЖАРНАСЫ

  • жеке қатысушы -10 000 теңге;
  • дуэт-12 000 теңге; трио- 15 000 теңге, квартет-25 000 теңге
  • топтар,ансамбльдер,оркестрлер, хорлар – 10-30 адамға дейін — 35 000 теңге (10 адамнан асса әр қатысушы 3500 теқге төлейді)
  • «Жас қалам», «Жас ғалым»-10 000 теңге

ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ АЛДЫН-АЛА ТІРКЕУ

Байқауға қатысушыларды алдын-ала тіркеу 8 707 669 38 14,  8 707 7458855 нөміріне хабарласу және talantty.jastar@mail.ru   арқылы жүреді. Алдын-ала тіркелу  13 қыркүйек   күні аяқталады.

МАРАПАТТАУ

Бас жүлде,  І,ІІ,ІІІ орын жүлдегерлері арнайы  ДИПЛОМ  және КУБОК медальдармен марапатталады. Барлық қатысушыларымыз міндетті түрде марапатталады.  Бас  жүлде алған өнерпаз  Гала концертте эстрада жұлдызынын қатысуымен  өнер көрсетеді.

Шәкірт тәрбиелеген жетекшіге « ҮЗДІК ЖЕТЕКШІ»  дипломы  табысталады.

Кәсіби ұстаздар «ҰЛЫҚ-ҰСТАЗ»  сертификатымен марапатталады.

40 – жеке  үміткер қатыстырған білім беру мекемелеріне /балабақша, мектеп, /орталық атынан  домбыра, саз сырнай, принтер,  проектор, планшет, табысталады  (ансамбльдер 1 қатысушы ретінде саналады).

ӨТІНІШ-САУАЛНАМА ҮЛГІСІ

Қатысушының аты-жөні (немесе, топ атауы)

Жасы:

Қайдан: (обл, қала, аудан)

Номинациясы(бөлімі) : Орынд.шығармасы. Шығарма авторы:(сөзі, әні)

Жетекшісінің  аты жөні мен телефон номері

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях