ҚАРАСАЙ МЕН АҒЫНТАЙ БАТЫР ЖАЙЛЫ ФИЛЬМ

ҚАРАСАЙ МЕН АҒЫНТАЙ БАТЫР ЖАЙЛЫ ФИЛЬМ

Қарасай мен Ағынтай батыр туралы фильм көрерменге жол тартады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«567 Cinema» кинокомпаниясы ағымдағы жылдың 28 қарашасында «Батырлар» атты туындысын халық назарына ұсынуды жоспарлап отыр. Фильмге қатысты ақпаратты белгілі режиссер, сценарий жазушы Жайық Сыздықов өзінің Facebook-тегі парақшасында жария етті.

Көпшіліктің қызығушылығын оятқан тың туындыда Қарасай мен Ағынтай батыр туралы аңыздары баян етіледі. Сондай-ақ, қазақтың қос ержүректерінің есімдері не үшін тарихта қалғаны да шығармаға арқау болады.

Фильмнің продюсерлері – Асқар Ұзабаев пен Ринат Сафаров, ал, сценарий авторлары: Асқар Ұзабаев, Жайық Сыздықов, Ғазиз Насыров, Мұхамед Мамырбеков және Шыңғыс Абланов

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях