«Алтын Ауылда» дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде

«Алтын Ауылда» дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде

«Алтын Ауыл» ықшам ауданында қауіпті індетке байланысты зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ықшам ауданға абаттандыру бойынша қызмет көрсететін «BeyAzh Trans» ЖШС қызметкерлері тазалық шараларына жіті кірісіп, тұрғын үйлердегі подъездер мен балалар алаңдарын химиялық сұйықтықпен дезинфекциялады. Оның барысында аймақтағы 18 тұрғын үйге қарасты подъездер, лифт кабиналары, ойын алаңдары, демалыс орындықтары, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау орындары мен қоқысқа арналған контейнерлер зарарсыздандыру жұмыстарынан өтті.

Мұнан бөлек дәл осындай жұмыстарды «BeyAzh Trans» ЖШС «Бірлік» ықшам ауданындағы екі тұрғын үйде де жүргізді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях