Коронавирус жұқтырған түркістандық бірінші науқас бірнеше бағыт бойынша пойыздарға мінген  

Коронавирус жұқтырған түркістандық бірінші науқас бірнеше бағыт бойынша пойыздарға мінген   

Коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі Түркістан облысында да тіркелді, деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы 24.kz сілтеме жасап.

Аталған аймақта қауіпті індет жұқтырған 5 адам анықталды. Коронавирус жұқтырған бірінші азамат Түркістан облысы Жетісай ауданының тұрғыны болып шықты. Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановтың хабарлауынша, науқас 27 наурыздан бері қызуы көтеріліп, үй жағдайында емделген. Ауруханаға  тек 30 наурыз күні қаралған. Айта кетейік, індет жұқтырған азамат 21 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласынан Павлодар-Қызылорда бағытындағы пойызбен Қарағанды қаласына келгенен кейін   алты сағат бойы вокзалда отырған. Сөйтіп,  ол 22 наурыз күні таңғы сағат 6.00-да Петропавл-Қызылорда бағытындағы пойызға мініп, 23 наурыз күні Шымкент қаласынан түскен. Одан кейін жеке көлікпен әрі қарай Жетісай қаласына жолға шыққан. Әзірге анықталғаны, науқас 16 адаммен қарым-қатынаста болған. 5 адам Нұр-Сұлтан қаласында байланыста болса, 11 адам – Жетісай қаласының тұрғындары.

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях