ҮНДІС АЗАМАТЫ ЕЛБАСЫ ЖАЙЛЫ СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕРІП, ОЛЖАЛЫ БОЛДЫ

ҮНДІС АЗАМАТЫ ЕЛБАСЫ ЖАЙЛЫ СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕРІП, ОЛЖАЛЫ БОЛДЫ

Үндістанда «Милиион кімге бұйырады?» телебағдарламасына қатысқан азамат Нұрсұлтан Назарбаев туралы сұраққа жауап беру арқылы 20 мың доллар ұтып алды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы. Бұл туралы zakon.kz сайтында жария болды.

«Kaun Banega Crorepati» деп аталатын үнділік нұсқадағы телешоуда жас ойыншы еліміздің Тұңғыш Президенті туралы сауалға жауап берді. Нақты айтқанда, бұл бағдарламада «2019 жылы қай елде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне орай елорда атауы өзгертілді?» деген сұрақ қойылған болатын. Сөйтіп, төрт елдің аты нұсқа ретінде ұсынылды: Қырғызстан, Қазақстан, Косово, Кения.

Үндіс азаматы басында бұл сұрақтың жауабын білмеді. Сондықтан ол жеңілдік арқылы көпшіліктің көмегіне жүгінді. Ал, көрермендер қойылған сауалдың дұрыс жауабын біліп, нақты елді көрсетті. Бағдарламаға қатысушы азамат көпшіліктің таңдауына сенім білдіріп, «Қазақстан» нұсқасын таңдады.

Шоудың видео нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы көруге болады.

https://kahaanhumkahaantum.net/watch-video-kaun-banega-crorepati-2nd-september-2019-video-episode-10-gui/?fbclid=IwAR1SMwEoaZXd6fZsD873J6lVKgn51Xx77COgASjISeUG8SQ7xWTzTV6kv7g

Қазақстан туралы сұрақ бағдарламаның 48-ші минутында қойылған.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях