Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен көпбалалы отбасылар 2-3%-ды несие рәсімдей алады

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен көпбалалы отбасылар 2-3%-ды несие рәсімдей алады

Қолжетімді баспана бағдарламасы мемлекеттік Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы сәуірден бастап жүзеге асырыла бастайды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпараттың ресми сайтына сілтеме жасап.

Жақында «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев тиісті мекемелерге тұрмысы төмен көп балалы отбасыларына 2-3% ипотекалық несие беру бағдарламасын әзірлеуді тапсырған еді.

Енді тиісті мамандардың есеп-қисабына сүйенсек, егер пәтердің құны 8 млн теңге болса, алғашқы 8 жылда несие алушы 42 мыңнан ай сайын төлейді, ал кейінгі 11 жылда 27400 теңгеден несиесін жабатын болады. Алайда, бұл әзірге жоба ретінде қарастырылып отыр.

«Елбасы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрмысы төмен көпбалалы отбасылар үшін 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер салынатындығын атап өтті. Бұл мақсатқа алдағы 7 жылда жыл сайын қосымша 50 млрд теңге бөлінбек. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы көпбалалы және толық емес отбасы, мүмкіндігі шектеулі балалары бар, сондай-ақ кірісі төмен отбасыларға баспана сатып алудың қолжетімдігін арттыру қажеттігін атап өтті.  Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қазір жаңа бағдарлама әзірлеп жатыр. Сәуір айынан бастап жүзеге асырыла бастайды деп жоспарлап отырмыз», — дейді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ  СҚОФ бөлім басшысы Әмір Нұрмұқанов.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях