Оркестрлер шеруі

Оркестрлер шеруі

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ауданымыздың барлық аумақтарында балалардан құралған «Оркестрлер шеруі» өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымының тілшісі.

Бүгін балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты және жыл сайын күтетін басты мерекелерінің бірі – Халықаралық балаларды қорғау күні. Осы ретте бүгін ауданымыздың орталығындағы Алтын ауыл мектебінде, ашық аспан астында білім ордаларындағы оқушыларымыздың жетістіктері мен жеңістеріні көрсетілген «Оркестрлер шеруі» өтті. Осымен үшінші жыл ұйымдастырылып отырған шеруге Қаскелең қаласының алты мектебінен 300 оқушы қатысты.

Шараны аталмыш мектептің ардагер-ұстазы Күлсай Садақова ашып, жиналған қауымды және балаларды мерекелерінмен құттықтап, жылы лебізін жеткізді. Оркестрлер шеруінің алғашқы лекгін Белинский атындағы орта мектебі бастап, оған қаламыздағы басқада мектептерінің оқушылары кезек-кезегімен қосылып отырды. Әр ұжым сап түзеген сайын сол білім ошағының жеткен жетістігі жайлы ақпарат беріліп, оңтайлы сәтте қолдарына түрлі-түсті жалаулар ұстаған білімгерлер өз өнерлерін көрсетіп те үлгерді. Мерекенің көркін келтіріп, бірыңғай әсем киімдермен безендірілген шеру соңы өнерлі жастардың ұйымдастырған концерттік бағдарламасымен тәмәмдалды.

Бір айта кетерлігі, жайма шуақ жаздың бірінші күніне дәлме-дәл келетін Халықаралық балаларды қорғау күніне орай барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін республикалық дәстүрлі шеру бір уақытта ауданымыздың барлық ауылдық округтерінде де өтті.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях