ЖӘРМЕҢКЕНІҢ ТИІМДІСІ МОЛ

ЖӘРМЕҢКЕНІҢ ТИІМДІСІ МОЛ

Аудан орталығында өткізілген ауылшаруашылық жәрмеңкесінде түрлі өнімдер тұрғындарға тиімді бағамен ұсынылды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Ауданымызда ауылшаруашылық өнімдерін танытатын, әр оны көпшілікке ұсыну мақсатында осыған дейін бірқатар жәрмеңкелер ұйымдастырылып келген болатын. Кеше де аудандық ауылшаруашылық бөлімінің бастамасымен Қаскелең қаласындағы Алтын ауыл ықшам ауданында кезекті жәрмеңке өткізіліп, оған қала мен ауылдық округтердің барлығы қатысты.

Жәрмеңке аясында аудан тұрғындары ауылшаруашылық өнімдерінің сан түрін кездестіріп, қажеттісін төмен бағада сатып ала білді. Жалпы, өз кезегінде қала және округтері сатылымға шығарған өнімдері арасынан қой, сиыр, жылқы еттерінен бөлек, көкөніс пен жеміс-жидек сияқтыларды да тұтынушылар назарына ұсынды.

Округтер арасынан бір-бірінің өнімдеріне ұқсамайтын тауарларды да сатылымға шығарды десек болады. Мәселен, тек Әйтей ауылдық округі сүт, қаймақ, ірімшік, құрттарын жәрмеңке нарығына шығарып, тиімді бағамен сауда-саттықтарын жүргізді. Ал, Жамбыл мен Ұмтыл ауылдық округтері қой, сиыр, жылқы және тауық еттері бойынша тұтынушыларға қызмет көрсетті. Қалған округтер мен қала көкөніс пен жеміс-жидектердің бірнеше түрін келушілерге ұсынып, жәрмеңкеге бір кісідей атсалысты.

Аудандық ауылшаруашылық бөлімі ұйымдастырған мұндай іс-шара аудан тұрғындары үшін жақсы бастама болғаны белгілі. Өйткені, төмен бағадағы өнімдер көптің көңілінен шығып жатты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях