Суретшілер дәрігерлер мен полицейлерді қолдау үшін жаңа челлендж бастады

Суретшілер дәрігерлер мен полицейлерді қолдау үшін жаңа челлендж бастады

Коронавируспен күресте алдыңғы шепте жүрген медицина және полиция қызметкерлерін қолдауға суретші-иллюстраторлар да өз үлесін қосуда. Осы ретте бүгінгі таңда елімізде #covidillustrationkz челленджі өтуде, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы inform.kz  сайтына сілтеме жасап.

— Қазақ анимациясының атасы Әмен Қайдаров атындағы Amen Animation Film Festival шығармашылық командасы ойлана келе осындай жағдайда суретшілер, иллюстраторлар атынан бір жоба жасағымыз келді. Дәл қазіргі кезде басымыздан үлкен тарих өтіп жатыр. Осы жағдайды шығармашылық адамдарының көзімен бейнелегіміз келді. Сөйтіп #covidillustrationkz деген челлендж бастадық, — дейді киножобаның ұйымдастырушысы Мақпал Жұмабай.

Сондай-ақ, киножобаның ұйымдастырушының айтуынша мұндай иллюстрациялар салу біздің елмен қатар әлем бойынша жүріп жатқандығын және де бұл челлендж елімізде біразға дейін созылатынын айтты.

– Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, мына жағдайдан аман-есен өтсек, осы челлендж нәтижесінде үлкен көрме өткізгіміз келеді. Жалпы біздің дәрігерлердің, елдің қорғаны болып жүрген басқа да мамандық иелерінің ерлігін көрсету мақсатында көрме өткізуді көздеп отырмыз. Қазірдің өзінде бір көрмеге жүк боларлық жұмыс жиналып қалды. Біздің жұмысымызды көріп отырғандар қанаттанса, барлығымыз олармен бірге екенімізді сезінсе екен дейміз, – дейді ол.

Егерде Сіз осы #covidillustrationkz челленджіне қатысқыңыз келсе мына шарттарды орындауыңыз қажет: ⠀

  1. Короновирус/карантин тақырыбындағы жұмысыңызды өз аккаунтыңызда жариялау;
  2. @amen_aff белгілеу;
  3. #amen_aff пен #covidillustrationkz хэштегтерін жазып қою;
  4. Сурет түпнұсқасын ozgeepic@gmail.com поштасына жолдау.

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях