Мемлекеттен берілетін 42 500 теңгеге банктер қол сұға алмайды

Мемлекеттен берілетін 42 500 теңгеге банктер қол сұға алмайды


Банктер мемлекет тағайындаған жәрдемақыдан несие қарыздарын ұстап қала алмайды, деп хабарлайды
Karasayinfo.kz желілік басылымы 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол үшін екінші деңгейлі қаржы ұйымдарына, жеке және мемлекеттік сот орындаушыларына әлеуметтік төлемді алатындардың есеп шоттарына қойылған шектеу шараларын алып тастау ұсынылды. Бұл – барлық шоттарға қатысты талап. Яғни, төтенше жағдай кезіндегі мемлекеттің қаржылай қолдауына ешкім қол сұқпауы тиіс.

Төтенше жағдай кезінде әлеуметтік төлем алушылардың құқығы қорғалады. Бұл табысынан айырылғандарға ең төменгі жалақы мөлшерінде, яғни 42500 теңге жәрдемақы алатындарға да қатысты. Одан бір тиын да несие жабуға ұсталмайды деген тапсырма бар. Екінші деңгейдегі банктердің бәріне осындай нұсқау берілген. Яғни, оларға азаматтардың есеп шотынан банк алдындағы қарызын ұстап қалуға қатаң тыйым салынды.

– Әлеуметтік төлемдерді алуға арналған азаматтардың шоттарынан ақша ұстау фактілері анықталған жағдайда банктер заңдық тұрғыдан жауапкершілікке тартылады. Халықтың алаңдауына негіз жоқ. Қаржы ұйымдары жәрдемақыдан ешқандай төлем ұстамайды, — деді ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің департамент директоры Александр Терентьев.

Ал, есеп шоттар автоматты түрде шешілмесе, онда тұрғындарға сот орындаушылары көмекке келе алады. Жәрдемақыға бұғаттау мен инкассалық өкім қойылмасын деген тапсырма оларға да берілген. Атқарушылық істер жөніндегі базада борышкерлердің тізімі де бар.

– Біз сот орындаушыларға әлеуметтік жәрдемақыны алатын азаматтардың тізімін бізге түскен бойда береміз. Сот орындаушылар арест, тыйымдарды шешіп отырады. Олар сот орындаушыларына немесе жеке сот орындаушылар палатасына хабарласуы керек, — дейді аймақтық жеке сот орындаушылары палатасының басшысы Ерлан Оңтаев.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жағдайды қатаң бақылауға алды. Ведомство егер жәрдемақыдан банк қандайда  бір төлемді ұстап қалған жағдайда жедел желіге хабарласуын сұрайды.

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях