Қонаевта студенттер акция аясында 30 қап қоқыс шығарды

Қонаевта студенттер акция аясында 30 қап қоқыс шығарды

Қоршаған ортамыздың тазалығын сақтау – мемлекеттің ғана емес әрбір азаматтың парызы. Осы ретте таяуда елімізде бес аптаға созылатын «Таза Қазақстан» атты ауқымды экологиялық акция бастау алған еді. Бүгін аталмыш науқан аясында облыс орталығы Қонаевта «Таза өлке» акциясы өтіп, қаладағы колледждердің 200 студенті оқу ошақтарының аумағын қоқыстан тазартты, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрғындардың, жастардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында ұйымдастырылған сенбілікке облыстық көпсалалы үздіксіз білім беру колледжінің білімгерлері белсене қатасып, тазалау барысында 10 қап қоқыс шығарды. Ал Қонаев көпсалалы колледжінің студенттері болса, 20 қап қоқыс шығарған.

– «Бүгін біз сыпыртқы, тырма, аша секілді керек-жарақтарымызды алып, барлығымыз сенбілікке шықтық. Тек колледж аумағын емес, нысанға жақын жатқан көшелерді де тазарттық. Тазалық өзімізден басталады. Сондықтан мен қатарлас жастарды, балаларды табиғатты аялап ұстауға, мәдениетті болуға шақырамын», – деді 3-курс білімгері Ерлік Ғаниұлы.

Жалпы облыс орталығы Қонаев қаласының тұрғындары тазалау жұмыстарына белсенді түрде атсалысуда. Науқан аясында ертең шағын және орта бизнес орындарының, өндіріс ошақтарының аумағы тазаланады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях