Алматыда карантин күшейді. Қандай шектеулер болады?

0
249

Алматы қаласының бас санитария дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова эпидемиологиялық жағдай күрделенуіне және жаңа омикрон штамы табылуына байланысты жаңа қаулыға қол қойды, — деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Қаулы шарттары мынадай:

  • Ashyq жобасына қатысатын нысандарда 30 адамға дейiн еске алуды қоспағанда, ашық аспан астында да, уй-жайлар ішінде де бұқаралық iс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар және т.б.) өткiзуге және қатысуға тыйым салу;
  • қоғамдық орындарға, оның iшiнде қоғамдық көліктерге және кызметiне рұқсат етілген нысандарға барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда (5 жасқа дейiнгi балаларды қоспағанда және ашық ауада спортпен шұғылдануды қоспағанда) бетперде тағу, әлеуметтік арақашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану;
  • ПТР-сынама оң нәтиже көрсеткенде («қызыл» статус) және науқаспен жақын байланыста болған кезде («сары» статус) — 14 күн iшiнде өзін оқшаулау режимі.

15 қаңтардан бастап Ashyq-та «жасыл» мәртебесі барлар ғана спорт орталықтарына, моншаларға, сауналарға кіре алады.

Ashyq жобасына қатысатынына қарамастан, мына тыйым салынады:

  • концерт залдары, театрлар, цирктер, филармониялар қызметіне;
  • ұжымдық іс-шаралар, конференциялар, семинарлар, көрмелер, форумдар өткізуге;
  • жаңа клубтар, барлар, караоке жұмысына.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь