Балабақша қызметкерлеріне арналған семинар

Балабақша қызметкерлеріне арналған семинар

Бүгін тәрбие мен оқытудағы тың тәжірибені тереңдету бойынша Қырғауылды ауылындағы «Ақ көгершін» балабақшасында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен семинар болып өтті. Оның барысында мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлері мен басшылары іс-тәжірибелерімен бөлісті.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Naqty.kz (@naqty.kz)

Ауданда орналасқан 10 мемлекеттік 147 жекеменшік балабақшаның меңгерушілері, әдіскерлері және тәрбиешілері бөлек екі алаңда бас қосты. Бірінші алаңда мектепке дейінгі мекемелердің жұмыстарын ұйымдастыру, басқару негіздері талқыланса, екіншісінде – тәрбиешілердің құзіреттілігін көтеру мақсат етіліп, теориялық және тәжірибелік бағыты бойынша назар аударылды. Осылайша мектепке дейінгі ұйымның педагогтары іс-тәжірибесінде қолданылатын инновациялық технологиялары түрін шебер қолдану арқылы бүлдіршіндердің білімге деген құштарлығы мен қызығушылығын дамытуға арналған сан түрлі әдістер ортаға салды. Қызықты да ұтымды шыққан спикерлердің сөзінен соң тәрбиешілер өздерінің пікірлерін білдіріп, ойларымен бөлісіп отырды.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының сапасын арттыру – заман талабы. Ал, семинарға арнайы қатысқан Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Раушан ТУМАЕВА әрбір маманға кәсіби бағыт-бағдар беріп, білімін, білігін көтеруге қашанда ынталы екендіктерін жеткізді.

Сонымен қатар, жиынға қатысқан балабақшалар оқыту барысында қолданылатын көрнекіліктерін көрме ретінде әріптестерінің назарына ұсынды. Өз кезегінде көрмеге қатысушылар жасаған еңбектері бойынша идея алмасып, оның бала тәрбиесіне қаншалықты маңызы зор екенін бір-біріне түсіндірді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях