«Омикрон» – Қарасай ауданында жоқ

«Омикрон» – Қарасай ауданында жоқ

Елдегі дүрбелең кезінде халықтың топ болып шоғырланғаны белгілі. Соның салдарынан елімізден әлі кете қоймаған COVID-19 індеті одан әрі өршіп, эпидахуал нашарлай түсті. Кейбір аймақтарда коронавирустың мутациясы – «дельта» ауруынан да қауіпті «омикрон» деген штамы пайда болды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Тез таралатын бұл дерт осы уақытқа дейін Қарасай ауданында анықталған жоқ. Десек те, бізге іргелес жатқан Алматыда омикрон ауруы тіркелгенін екенін ескерген жөн.

Аталған індет ауданымызда анықталмаса да таралуы әлі ауыздықталмаған COVID-19 ауруы Қарасай жерінен жойылған жоқ. Оның бүгінгі көрсеткіші қандай екенін білу үшін Қарасай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы эпид қадағалау бөлімінің бас маманы Мәншүк Сисенбаевадан нақты ақпаратты білдік. Індетті бағамдап жүретін оның айтуынша, өткен жылдың 30 желтоқсаны мен ағымдағы жылдың 12 қаңтары арасында 92 жағдай тіркелген.

Дегенмен, бұл екі аптаның соңғы жеті күнінде дерттің асқынғанын айта кету керек. Яғни, қаңтар айының 6-12 күндері 81 адамның сырқат жұқтырғаны белгілі болған. Оның 84-симптоммен, 7-симптомсыз ретінде тіркелген. Олардың барлығына қазіргі уақытта медицина мамандарының тарапынан емдік шаралары көрсетілуде.

Статистикалық мәліметке сүйенсек, бүгінгі таңда ауданымыз бойынша 2022 жылдың 12 қаңтарына дейін 4037 тұрғыны коронавирус індетін жұқтырған. Олардың әрбірімен қарым-қатынаста болғандар анықталып, тиісті медициналық көрсетілуде. Дәрігерлердің де жіті бақылауында.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях