Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжінің өнерлі студенттері облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған мектеп интернатында қайырымдылық шоу-концертін ұйымдастырды. «Балғын балалар – біздің болашағамыз» тақырыбында өткен іс-шараның мақсаты жарымжан балалардың өмірге деген қызығушылығын арттырып, мейірімділік, қайырымдылық пен қамқорлық танытуға баулу және саламатты өмір салтын насихаттап, көңілдерін жадырату болатын. Оның барысында аталмыш оқу орнының студенттері, атап айтқанда Жәнібек Мақаш пен Нұрбибі Құттық сахналық қойылымдар қойып, балалармен әртүрлі ойындар ойнады. Ал, Асқар Акайев пен Асқар Сулайманов болса олардың өмірге, спортқа деген құштарлықтарын ашу үшін денсаулыққа қатысты тамаша бейнероликтер және еліміздің танымал спортшыларын дәріптейтін слайд-шоулар көрсетті.
Іс-шара соңында қызыға атсалысқан, ойнаған, сонымен қатар, көрермен болып отырған 160 кішкентай балақайға осы игі істі ұйымдастырушылар сыйлықтар табыстады.