Түркістан облысында мобильді топтардың қызметін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» төлейді

Түркістан облысында мобильді топтардың қызметін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» төлейді

Түркістан облысында мобильді топтардың қызметі үшін 5 400 теңгені «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ төлейді. Бұл жөнінде қордың Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев хабарлады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы  «ҚазАқпарат» сайтына сілтеме жасап.

Асхат Бейсенбаевтың айтуынша, мобильді бригадалар ЖРВИ/КВИ/тұмау/пневмония белгілері пайда болған кезде пациенттердің үйінде ПТР-тестке материал жинауды жүргізеді.

«Сондай-ақ, аталған топтар науқастарға диагноз қойып, медициналық тексеруден өткізеді. Тұрғындар үшін қызметтің бұл түрі тегін болады. Осы қызметтерді көрсеткен емханаларға ақыны «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ төлейді», – дейді  филиал директоры.

Қордың филиал директоры мобильді бригаданың қызметкерлері жеке қорғаныс құралдарымен, пульсоксиметрлермен және басқа да қажетті көмек көрсету және сол жерде кеңес беру құралдарымен қамтамасыз етілетінін де атап өтті.

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях