Ресей ғарышқа биылғы алғашқы зымыранын ұшырды

Ресей ғарышқа биылғы алғашқы зымыранын ұшырды

Ресей мемлекеті «Байқоңыр» ғарыш аймағынан биылғы алғашқы зымыранын ұшырды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Негізгі ұшырудағы мақсат – ресейлік «Союз» зымыран тасығышы орбитаға британдық «OneWeb» компаниясының 34 жерсерігін алып шығу. Олар Фрегат қозғалтқышы арқылы 450 шақырым биіктікке дейін көтеріледі. Бұл «OneWeb» бірлестігінің әлемдегі ғаламторды пайдаланушыларды кеңжолақты интернетпен қамтамасыз ету жобасы негізінде жүзеге асырылып отыр. «OneWeb» компаниясы 2015 жылы Ресеймен орбитаға осындай 672 жерсерігін шығару туралы келісімге отырған. Жалпы, аталған мекеме Ресейдің көмегімен 2026 жылға дейін ғарыштағы өз аппараттарының санын 2 мыңға дейін жеткізуді көздеп отыр.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях