Коронавирусты алғаш анықтаған дәрігер көз жұмды

Коронавирусты алғаш анықтаған дәрігер көз жұмды

Қытайда коронавирусты алғаш рет анықтаған дәрігер осы дерттен 7 ақпан күні жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат үш кезінде ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін мамандар оның ауыр халде жатқанын хабарлаған болатын. Ли Вэньлян Ухань қаласында көз дәрігері болып жұмыс істеген. Маман жеті науқастың белгісіз дертке шалдыққанын түсінген соң желтоқсанның 30-ы күні бұл туралы әріптестеріне хабарлады. Оның бұл мәлімдемесі ғаламторда лезде тарап кеткеннен кейін, көп ұзамай Ли Қоғамдық қауіпсіздік басқармасына шақырту алып, онда жалған ақпарат таратып жүргені жайлы қолхатқа мәжбүрлі түрде қол қойған.  Дәрігер өзін жайсыз сезінген соң қаңтардың 12-сі күні ауруханаға түскен, ал ақпанның 1-і оған нақты коронавирус диагнозы қойылды.

Айта кетейік, соңғы мәлімет бойынша Қытайда осы кеселден қаза тапқандардың саны 618-ге дейін өсті. Ал індетке шалдыққандардың қатары 28 мыңнан асты. Қазір 3859 науқас ауыр халде жатыр.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях