Басты күшіміз – бірлікте

Басты күшіміз – бірлікте

Өткен айдың соңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жаңа Жолдауын жолдағаны баршамызға мәлім. Осы ретте ауданымызда оған қатысты түсіндіріп, талқылау шаралары өтіп жатқанын айта кеткен жөн. Соның бірі бүгін Елтай ауылдық округіндегі Жармұхамбет мектебіндегі өткен жиын. Алматы облыстық мәслихат депутаты Жанболат Әкебайұлы Жөргенбаев арнайы келген кездесуге ауыл тұрғындары мен мұғалімдер қатысып, Елтай ауылдық округі әкімінің орынбасары Бекжан Абжан жүргізіп отырды. Халық қалаулысы Елбасы Жолдауының бес басым бағытына қысқаша тоқталды. Осыған дейінгі жеткен жетістігімізді Президентіміздің кемеңгер саясатының жемісіне балаған көпшілік бірауыздан оған қолдау білдіретінін айтты.

«Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталған Елбасы Жолдауы –  біздің жарқын  болашағымыздың кепілі. Ширек ғасырда жеткен жетістігіміз бір төбе екенін ескерсек, бұл стратегиялық құжаттың мақсаты одан да асып түсу. «Біздің басты күшіміз – бірлікте» деп Көшбасшымыз айтқандай, ендігі міндет – ел  мүддесі үшін жұмыла еңбек ету болмақ. Жиынға қатысушылар кездесуден осындай ой түйіп тарасты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях