Қостанай облысында су тасқынынан төнетін қатер көп

Қостанай облысында су тасқынынан төнетін қатер көп

Қостанай облысында 96 елді мекенді су басуы мүмкін, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік баслымы Қазақпарат сайтына сілтеме жасап.

Осы ретте құтқарушылардың диспетчерлік қызметі тәулік бойы жұмыс істейді. Төтенше жағдай бола қалса, арнайы техникалар да сақадай-сай тұр. Қар мөлшері көп түскен Меңдіқара, Қарабалық, Қарасу, Сарыкөл аудандарына төрт су айдау техникасы мен мотопомпа жұмылдыру көзделген. Облыс аумағынан бүгінде жарты  миллион текше метр қар полигонға шығарылған. Ал, өзен-көлдердің мұзы былтырға қарағанда екі есе көп жарылады. Осылайша, судың өз арнасымен еркін ағуына жағдай жасалмақ.

– Қарағанды облысы Ұлытау тауларынан келеді деп ойлап отырмыз. Қазгидрометтің мәліметінше, сол жақтан биыл су көбірек түседі. Ресейдің Челябі облысынан келетін судың жағдайын әріптестерімізбен наурызда кездесіп тағы да сөйлесеміз, – дейді облыстық ТЖД басшысы Талғат Кәкімов.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях