Парламент мәжілісінің депутаты ауданымызда

0
3964

Бүгін ауданымызға жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Максим Рожин келіп, өнірімізде атқарылып жатқан бірқатар жұмыстармен танысты, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Максим Николаевичтің жұмыс сапары «AMANAT» партиясының ауданымыздағы филиалында өткен қоғамдық қабылдаудан басталды. Депутат су мен газдың дүрыс берілмеуі, тарифтің қымбаттылығы, асфальттің жоқтығы жайлы ауыл тұрғындарының атынан келген бірқатар қарасайлықтардың өтініштерін тыңдап, аталған мәселелерді жоғарыға жеткізіп, шешілу жолдарын қарастыратындығын жеткізді.

Мұнан кейін халық қалаулысы жоспар бойынша ауданымыздағы 18 елді мекенді сумен қамтамасыз ететін Қаскелең топтық су құбырына барып, оның жұмысымен танысты. Сондай-ақ, Қаскелең қаласының № 5 өрт сөндіру бөлімінің тыныс-тіршілігімен танысып, өрт сөндірушілердің төтенше жағдайларға дайындығын тексерді.

Іс-сапарының соңында Максим Рожин аудан орталығында орналасқан «Қарлығаш» ықшам ауданында салынып жатқан 1500 орындық жаңа мектептің құрылыс барысымен танысып қайтты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь