«Birgemiz» қоры барлық шығындар туралы есеп береді         

«Birgemiz» қоры барлық шығындар туралы есеп береді           

Төтенше жағдай бойынша қайырымдылық қаражаты жиналатын «Birgemiz» қоғамдық қоры барлық шығындар туралы есеп береді, деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы «Қазақпарат» сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Birgemiz» қорына түскен қаражат туралы күн сайын ақпарат беріліп жатыр. Қазір көрсетілетін көмек түрлері мен көмек алушылардың санаттарын, азаматтардың тізімдерін анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен бірге, қордың жаңадан құрылған веб-сайтында барлық шығындар мен чектер көрсетіліп, тұтас есептік ақпарат жарияланады», — деді министр «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінде. Айта кетейік, Елбасы бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қорына еліміздің барлық өңірінен қайырымдылық ретінде қаражат түсіп жатыр. Бұған дейін «Birgemiz» қоғамдық қоры ұстанатын негізгі 10 қағида жарияланған еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях