Долан ауылында биыл жаңа мектептің құрылысы басталады

Долан ауылында биыл жаңа мектептің құрылысы басталады

Райымбек ауылдық округіне қарасты Долан ауылында жаңа мектептің құрылысы биыл басталады, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Бүгін Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов аудан халқымен тұрақты кездесуі аясында Долан ауылының тұрғындарымен жүздесті. Жиын барысында ауылдың жағдайын жақсартуға қатысты бірқатар мәселе көтерілді. Соның ішінде күні бүгінге дейін сөз болып келген Доланның мектебі де айтылды. Аудан басшысы жергілікті тұрғындарға биыл жаңа білім мекемесінің құрылысы басталатынын жеткізді. Айтуынша, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2,5 га жер теліміне 1200 оқушыға арналған мектеп салынбақ. Ағымдағы жылы құрылысы басталса, 2024 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілу жоспарда бар.

Аудан әкімі Жасұлан Тоққожаұлы халықпен өткен кездесуінен кейін аталған елді мекенде салынуы тиіс мектептің орнын арнайы барып көрді. Келер жылы қолданысқа берілетін жаңа білім ошағына қатысты жұмыстарды саралап, округ әкіміне және аудандық құрылыс және сәулет, қала құрылысы бөлімінің басшысына тиісті тапсырманы жүктеді.

Айта кетейік, Долан ауылындағы жаңа мектептің құрылысымен «BI GROUP CORPORATION» компаниясы айналысады. Қазіргі уақытта нысанның жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалуда.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях