Қаскелеңдік сарбаз әскери борышын жақсы өтеп, оқу грантына ие болды

Қаскелеңдік сарбаз әскери борышын жақсы өтеп, оқу грантына ие болды

Ауданымыздың тумасы, 19 жасар Бекжігіт Арсенұлы әскери борышын өтеу барысында өзін жақсы жағынан көрсетіп, жауынгерлік дайындық бойынша үздік көрсеткіштерге қол жеткізіп, еліміздің кез-келген оқу орнына тегін түсуге мүмкіндік беретін грант иесі атанды.

Нақтырақ айтқанда, таяуда елімізде жастардың мерзімді әскери қызметін өтеуге ынтасын арттыру мақсатында жаңа жоба бастау алған еді. Оның талабы бойынша борышын өтеп келген сарбаз ҰБТ-ны тапсырмай, әңгімелесу нәтижесі бойынша екі жыл ішінде ақылы түрде оқу орнына түсе алады. Ал қызметін өтеу кезеңінде жауынгерлік даярлықта жоғары нәтижелерге қол жеткізген сарбаздарға жоғары оқу орнының гранты беріледі.

Сол грантқа ие болғандардың қатарында қаскелеңдік Бекжігіт Арсенұлы да бар. Ол 2022 жылдың 17 сәуірінде Қарасай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне әскери қызметке шақырылып, кейін Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Луговая стансасы, «42062» әскери бөлімшесінің «мотоатқыштар» батальонында пулеметші ретінде әскери міндетін өтеген. Ал 2023 жылдың 14 ақпанында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері запасына алынған. Қызмет еткен кезінде өзін жақсы жағынан көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінген ол Қорғаныс министрінің атынан марапатталып, арнайы сертификатқа ие болды.

Осының арқасында Бекжігіт өзі армандаған Алматы қаласындағы Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институтына тегін оқуға түсті.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях