Оқушы Ұлыбритания еліне 3 апталық жолдама ұтып алды(Видео)

Оқушы Ұлыбритания еліне 3 апталық жолдама ұтып алды(Видео)

Біліммен біліктіліктің сайысы! Кеше ауданымыздың орталығында орналасқан Сүлеймен Демирел атындағы университетінде «CES for You» халықаралық тіл орталығының ұйымдастыруымен балалар арасында ағылышын тілінен «Knowledge is Power» олимпиядасы өтті. Білім додасы талантты балаларға әлеуметтік қолдау көрсетіп, қазақ жастарының халықаралық дәрежеде білім алуына жағдай жасау мақсатында өткізіліп отыр.

Осымен биыл төртінші рет ұйымдастырылып отырған олимпияда да талапкерлерге арналған тапсырмалар қарапайым деңгейден күрделіліге қарай құрастырылып, шет тілін меңгеруде барлық қабілетті дамытуға арналған тапсырмалар болды. Атап айтқанда білімгерлер бірінші кезенінде еркін тақырыпта эссе жазса, екінші кезенінде ағылшын тілінен шешендік өнерлерін көрсетті. Ал, олардың білімін тексеретін комиссия мүшелерінің құрамында «CES for You» орталығының мұғалімдерінен бөлек Франция, Англия, Америка елдерінен келген  арнайы сарапшылар болды. Сондай-ақ, шара барысында балалардың ойын сергітіп, көңіл-күйлерін көтеру мақсатында ауданымыздың өнерпаз жастары дайындаған концерттік бағдарлама көпшіліктің назарына ұсынылды.

Сайыс қорытындысы бойынша екі кезенненде сүрінбей өтіп, қарсыластарына дес бермеген «CES for You» орталығының оқушысы Абдуллах Жүсіп бас жүлдені ұтып алды. Ол Англия еліне үш аптаға тегін оқу курс жолдамасының иегері атанды.

Олимпияда соңында барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар тапсырылды. Сондай-ақ, оқушылардың білімдерін жетілдіруде үлкен үлес қосатын жетекші ұстаздарға ақшалай сертификаттар табысталды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях