Еңбекшіқазақ ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Еңбекшіқазақ ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Бүгінде өз ауылдарының жағдайын ойлап, оның барынша дамуына үлес қосып жүрген жас азаматтардың жасаған жақсылықтары жетерлік. Сондай игіліктің дәлелі ретінде жақында Алматы облысына қарасты Еңбекшіқазақ ауданы Ащыбұлақ елдімекенінде қолданысқа берілген жаңа спорт кешенін айтуға болады. Аталмыш кешен осы ауыл жастарының бастамасымен бой көтерген, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

 Жомарт азаматтардың арқасында салынған спорт нысанының салтанатты ашылуына облыстық спорт және денешынықтыру басқармасының басшысы Ерболат Сарабеков, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, даңқты балуан, Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат төрағасы Бекет Ахметов, «Қазақстан халқына» және «Батыр боламын» қорының өкілдері, ауыл ақсақалдары, жастар, спортшылар мен жаттықтырушылар қатысты.

Құрметті қонақтардың ішінде алғашқы болып сөз алған облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Ерболат Сарабеков игі іске атсалысқан барша ауыл жұртына алғыс білдіріп, кешеннің бой көтеруіне бастамашы болған азаматтарға Алғыс хат табыстады.

– Бұл спорт кешенің құрылысына 2022 жылы ауыл жастары бастамашы болды. Оған кәсіпкер азаматтар барынша қолдау білдірді. Сонымен қатар «Батыр боламын» және «Қазақстан халқына» қоғамдық қорлары да ортақ іске үлес қосты. Осы ретте ауылдың жастары үшін игі іс істеген жомарт азаматтарымызға алғысымыз шексіз, – деді спорт жаттықтырушысы Бауыржан Ермақашов.

Аталған спорт кешенінде күрес, бокс, дзюдо, каратэ секілді секциялар жұмыс істейді. Сонымен қатар мұнда жастар футбол ойнайтындай шағын алаң да бар.

Салтанатты шара соңында спорттық үйірмеге қатысып жүрген аудан жасөспірімдері өз өнерлерін көрсетті.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях