40-қа жуық жас қарасайлық жұмысқа жолдама алды

40-қа жуық жас қарасайлық жұмысқа жолдама алды

Бүгін Халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратының аумағында өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің барысында 100-ге жуық жас түлек жұмыс беруші мекемелердің өкілдерімен еркін сұхбат құрып, олардың 40-қа жуығы астамы жұмысқа шақыру жолдамасын алды, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі жәрмеңке жастарға бүгінде қай сала мамандарына сұраныс көп немесе тапшы екендігін және еңбек өтілінсіз жұмысқа орналасуға болатындығын анықтауға септесті. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалы, «НАХ», «Smart Services Group», «Хамле» ЖШС сияқты 10 жұмыс беруші компанияның өкілдері қатысқан шара барысында келушілермен ақпараттық-түсіндіру  жұмыстары жүргізілді. Шағын несие және грант алу, сұранысқа ие мамандықтар бойынша қайта даярлау курстарынан өту туралы мағлұматтар берілді. Сонымен қатар, жәрмеңкеде жұмыспен қамту орталығының бас маманы Өмірбек Көбеев жиналғандарға Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы жайлы кеңінен ақпарат берді.

Жоғарыда айтып өткендей, аудандық Жастар ресурстық орталығы және аудандық жұмыспен қамту орталығы бірлесіп ұйымдастырған жәрмеңкеге жалпы 100-ге жуық студент пен қала тұрғыны қатыстып, 40-қа жуық жас қарасайлық жұмысқа шақыру жолдамасын алды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях