Нарынқол мен Ұйғыр аудандарында театр ашылды

Нарынқол мен Ұйғыр аудандарында театр ашылды

Алматы облысының Нарынқол және Ұйғыр аудандарында халықтық театр ашылады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматы облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мәрлен Көлбаевтың айтуынша, Нарынқолдағы ұжымның өнерін қазан айының соңында тамашалау жоспарланған.

«Негізі жоспарға сәйкес Нарынқолдағы халықтық театрдың ұжымы өздерінің өнерлерін айдың соңында көрсетеді. Ол жер 15 штат сұрап отыр. Сол сияқты Ұйғыр ауданындағылар да осындай жоспарларын жеткізуде. Бірақ жыл соңы болғандықтан оған бюджет қарастырылмаған. Бірақ жыл басында қаражатты халықтық театрға қарастырамыз деп жоспарлап отырмыз», – деді Мәрлен Көлбаев.

Басқарма басшысының сөзінше, қазір Алматы облысында 6 халықтық театр бар. Олардың бірі Панфилов, Көксу, Ақсу аудандарында.

«Халықтық театр ол жалпы елді-мекендегі өнерлі жандардың бірігіп құрған топтары ғой. Біз, әрине, өз тарапымыздан қолдауға дайынбыз. 27-наурыз Халықаралық театр күніне орай жылда халықтық театр ұжымдарының басын қосып, өнерлерін көпшілікке тарту ету жоспарымызда. Биыл пандемияға байланысты мұндай шараны өткізе алмадық», – деді басқарма басшысы.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях