Жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесі

Жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесі

Орталық «Жер-Ана» базарында жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Аудандық «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастырған бұл жәрмеңкенін мақсаты – жұмыссыз жүрген немесе оқуды бітірген жастарды нәтижелі жұмыспен қамту, әлеуметтік жұмыс орындарын құруға жұмыс берушілерді кеңінен тарту.

Жастардың жұмысқа орналасуына көмектесуге арналған жәрмеңкеге Алматы облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, жұмыспен қамту орталығы, ауданымыздағы барлық кәсіпорындары мен «Жасыл ел» жастар еңбек жасақшыларының өкілдері, жұмыс іздеген немесе жұмысын ауыстырғысы келген студенттер қатысты.

Оның барысында жұмыс берушілер жәрмеңкеге қатысушыларды өз кәсіпорындарын таныстырып, жұмысқа қабылдау жағдайлары туралы айтып берді. Жұмыссыздар қосымша сұхбатқа шақырылып, кейбір бөлігі жұмысқа орналасатын болды. Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша шағын несие алып, өз ісін ашу жолдары туралы, кәсіби даярлау мен қайта даярлау, жастар тәжірибесін және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы жайында Алматы облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандары кеңес берді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях