Жалғызбасты анаға жәрдемдесті

Жалғызбасты анаға жәрдемдесті

«Нұр Отан» партиясы қоғамымыздағы көмекке мұқтаж жандарды, отбасыларды әрдайым назарында ұстап, көмектесіп, қолдау көрсетіп тұрады.

Соның бір айқын дәлелі ретінде, «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жобасы аясында аудандық мәслихат депутаты Жанар Кулиеваның жасаған жақсылығын атап айтуға болады. Халық қалаулысы Жаңашамалған ауылдық округінде жалдамалы пәтерде тұратын, зейнеткер, көпбалалы ана Клара Дүйсенбаеваны қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етіп, тұрмыс жағдайы отбасына қолдау білдірді. Өз кезегінде, партия жобасының аясындағы ізгі істердің шапағатын сезінген жан жалғызбасты аналарды қолдап, осындай жанұялардағы жеткіншектердің қатарларынан қалмауын қамтамасыз етіп келе жатқан халық қалаулысына алғысын айтып, ақ батасын берді. Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы мүшелеріне  ризашылығын білдіріп, партияның игілікті істеріне ілкімділік тіледі.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях