Алматыдағы терактың  алдын алды  

Алматыдағы терактың  алдын алды   

Қазақстан аумағында теракт ұйымдастырмақ болғандар ұсталды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы  «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы ҰҚК жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру нәтижесінде Алматы қаласында деструктивті діни ағымдағы екі бірдей адам  ұсталып,  сот санкциясымен қамауға алынды. Олардың мекен жайлары бойынша тергеу іс-қимылдарын жүргізу барысында қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, оны жасауға арналған құрамдас бөліктер, суық қару, шабуылдау көзделген объектілердің фото және бейне түсірілімдері бар смартфондар алынды. Көрсетілген адамдарға қатысты терроризм актісіне дайындалу (ҚР ҚК 255-бабы) және терроризмді насихаттау (ҚР ҚК 256-бабы) фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Тергеу материалдары бойынша, қамауға алынған адамдар республика аумағында, соның ішінде адамдар көп шоғырланған орындарда террористік актілер дайындаған. Қазіргі уақытта теркеу әлі жалғасуда.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях