Ұры-қарыларды құрықтау мақсатында…

Ұры-қарыларды құрықтау мақсатында…

Құқық қорғау органы қызметкерлері кәсіпкерлермен кездесіп, ұры-қарыларға қатысты пікір алмасты, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі. 

Әлдекімнің мүлкін заңсыз иемденушілерге қатысты, оларға қарсы заң айналасында жаза қолдану, сондай-ақ, ұрылардың әрекеттерін әшкерелеуге байланысты түсіндіру жұмыстары жыл сайын ауданымызда жүргізіліп тұратынын айта кеткен жөн. Кеше осы мақсатта аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында құқық қорғау органы қызметкерлері мен жеке кәсіпкерлер арасында жиын өтіп, ұрлық-қарлық жөнінде бірқатар мәселелер талқыланды.

Аудан әкімінің аппарат басшысы Айдын Әуесбай төрағалық еткен жиынға қала және ауылдық округ әкімдері де қатысып отырды. Кездесу барысында аудандық полиция басқармасының басшысы Асхат Данияр жоғарыда аталған мәселеге қатысты ойын білдіріп, ең бастысы қай кезде болмасын қоғамның  қауіпсіздігі бірінші орында екенін айтты. Бас полицей, сонымен қатар, кәсіптік саланы меңгерген жандарға ұсынысын да жеткізіп, жауапкершілік міндетке келгенде өздері де атсалысып, құқық қорғау органы қызметкерлерімен бірлесе жұмыс атқаруға шақырды. Яғни, кеңселерде, дүкендерде және басқа да осы сынды сауда-саттық орындары бар жерлерге  бейнебақылаудың орнатылуы аса маңызды екенін айтты.

Жиын барысында Асхат Даниярұлы кәсіпкерлер тарапынан қойылған түрлі сауалдарға жауап беріп, ұрлық-қарлықтың алдын алуына байланысты бейнебақылаудан басқа тағы қандай амалдар бар екенін түсіндірді. Ол жайында ауданның бас полцейі кеңінен әңгімелеп, түрлі мысалдар да келтірді. Мәселен, 102 нөмірі ақпарат жеткізуге ең сенімді болса, әр елді мекеннің учаскелік полициясының да атқаратын рөлі зор екені айтылды.

Басқарма басшысы полиция қызметкерлері үшін ұрыларды құрықтау кезінде жасырын камералар көп көмегін тиетінін тағы айта келе, оны орнату барысында сапасының және көрініс жазбаларының ұзақ мерзімде сақталуы маңызды екеніне де тоқталды. Осы ретте жиын барысында «SS.kz» жеке кәсіпкерліктің өкілі бейнекамералардан басқа өздерінің түрлі өнімдерін ұсынып, кез келген уақытта қызмет көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Кездесудің соңында көпшілікке осы уақытқа дейін ұры-қарылардың жымысқы әрекеттері әшкере болған видеороликтер көрсетіліп, кейбір қылмыскерлердің бет-бейнесі де таныстырылды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях