Облыс басшысы ҰОС ардагерлерін құттықтады

Облыс басшысы ҰОС ардагерлерін құттықтады

Кеше облысымызда аталып өткен 9 мамыр – Ұлы жеңіс күні аясында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Ұлы Отан соғысының ардагерлерін қазақ халқы үшін қуанышты да қайғылы, мәртебелі мейраммен құттықтады, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Облыс басшысы алдымен Ұлы Отан соғысы жылдарында елдің бостандығы мен егемендігін қорғаған халқымыздың батырларының рухына тағзым етіп, олардың есімін ұлықтау мақсатында Қонаев қаласындағы Даңқ мемориалы жанында гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Мұнан кейін Марат Елеусізұлы Алатау қаласының Тыл ардагері, көп балалы ана, «Алтын алқа» иегері Бұлын Рамазанова мен Ұзынағаш ауылындағы ҰОС ардагері Федор Ковалевпен кездесіп, мерекемен құттықтады. Облыс әкімі ардагерлердің ерлігін ұлықтап, облыс тұрғындарының атынан алғыс айтты. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып, сыйлығын табыстады.

– «Биылғы жылы Жеңіс күнін бізбен бірге нәбәрі жеті майдангер қарсы алып жатыр. Олар: Тәңірберген Толғанбаев (Іле ауданы), Федор Ковалев (Жамбыл ауд.), Солтанбай Жарықбасов(Еңбекшіқазақ ауд.), Оксана Бетебаева(Қонаев қ.), Павел Половой (Қарасай ауд.), Алим Кебиров (Ұйғыр ауд.), Вячеслав Легостаев (Талғар ауд.) сынды аталарымызбен апаларымыз. Сондай-ақ бүгінде 2,5 мыңнан астам тыл еңбеккері өскелең ұрпаққа өнеге болып жүр. Байғабылов Тастемір (Қонаев қаласы), Мария Мұқанова (Қарасай ауданы),Сауранбаев Нариман (Райымбек ауданы), Галина Ляшева (Талғар ауданы), Шортанова Күлпар (Кеген ауданы) сияқты тыл ардагелері әлі де қоғамдық өмірге араласып, жастарға жол көрсетуде. Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің ешқайсысы мемлекеттің қолдауы мен қамқорлығынан, қоғамның сый-құрметінен тыс қалмауда.

Біздің бүгінгі басты міндетіміз – осындай аға буынның сұрапыл соғыс жылдарындағы ерліктерін барынша дәріптеу. Себебі, «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – үлгі»!», – деді өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев.

Жеңіс мерекесі аясында облыс әкімінің орынбасары, аудан және қала әкімдері де ардагерлердің үйлеріне мерекемен құттықта барып, майдангерлерге зор денсаулық пен бақыт тіледі.

Айта кетейік, жалпы Алматы облысынан майданға 40 мыңдай азаматтар аттанған. Көзсіз батырлықтың жарқын үлгісін көрсеткен 20 майдангерімізге Кеңес Одағының Батыры атағы берілсе, облысымыздың алты тумасы «Даңқ» орденінің иегері атанған.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях