БАҚ қызметкерлері – құрмет төрінде (Видео)

БАҚ қызметкерлері – құрмет төрінде (Видео)

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай, бүгін Қарасай аудандық «Naqty» газетінің жаңа ғимаратының ашылу рәсімі және аталмыш мерзімді басылымның 90 жылдығы атап өтілді. Сонымен қатар, журналистердің кәсіби мерекесіне байланысты БАҚ өкілдері аудандық Мәдениет үйінде бас қосып, ерекше құрметке ие болды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Редакцияның жаңа ғимаратының ашылуына аудандық газетте әр жылдары еңбек етіп, оның дамуына үлес қосқан ардагер журналистер, тілшілер және бүгінгі таңда газетпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп жүргендер арнайы шақырылды. Одан бөлек аудандық әкімдік пен өзге де БАҚ саласының өкілдері де қадірлі меймандардың қатыранын табылды. Газеттің 90 жылдығы сөз етілген салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Рустам Атшабаров және Берікбай Қадықов, Орынбасар Жанәділ сынды ауданның Құрметті азаматтары ізгі тілектерін білдірді. Ал БАҚ қызметкерлерінің күні атап өтілген мерекелі шарада Қарасай ауданының жаңалығын халыққа жеткізіп жүрген отандық телеарналардың, облыстық, аудандық баспасөздің және жалпы масс-медиа саласының өкілдері құрметке бөленді. Шара барысында аудан басшысы Жасұлан Естенов құттықтау сөз сөйлеп, мереке иелерінің жұмысын жоғары бағалап, өз атынан біразына Алғыс хат табыс етті. Сондай-ақ бұл шарада журналистика саласында 40 жылдан астам еңбек еткен ардагер-журналист Берікбай Қадықовтың еңбегі ескеріліп, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің атынан «Еңбек ардегері» медалі берілді. Мерекелік басқосу концерттік бағдарламаға ұласты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях