СДУ түлектері – бәсекеге қабілетті мамандар

СДУ түлектері – бәсекеге қабілетті мамандар

Өткен аптада Сулейман Демирель атындағы университет төрт жыл білім алған түлектеріне арналған Graduation Ceremony-2023 өткізді, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы СДУ-дің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түлектерге диплом беру салтанатты рәсімін СДУ ректоры Әлімжан Игенбаев құттықтау сөзімен ашып, болашақ өмірлеріне қажетті кеңестерімен бөлісті.

Айта кету керек, ағымдағы оқу жылы Инженерлік және жаратылыстану ғылымдары, Құқық және әлеуметтік ғылымдар, Педагогика және гуманитарлық ғылымдар және СДУ Бизнес мектебі факультеттері бойынша бітіруші 915 бакалавр және 202 магистрант оқуларын тәмамдады.

Сонымен қатар, FinTech, Data Science, International Law, Digital Marketing, Media studies and journalism бағыттары бойынша да бітіруші түлектер білім алып, маман ретінде қалыптасады.

Университетіміз еліміздің өсіп-өркендеуі мен қарқынды дамуы үшін қоғамға аса қажетті мамандарды, оның ішінде педагогтер мен IT, әлеуметтік маңызы бар экономика және қаржы сияқты маңызды салаларда қызмет ететін бәсекеге қабілетті  мамандарды даярлап келеді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях