Нұр-Сұлтандағы әуежайдың коды өзгерді

Нұр-Сұлтандағы әуежайдың коды өзгерді


2020 жылғы 6 сәуірдегі Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (ИАТА) арнайы хабарламасына сәйкес, Нұр-Сұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының қолданыстағы TSE үш әріпті кодын NQZ-ке өзгерту туралы түпкілікті ресми шешім қабылданды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Министрлік ИАТА басшылығымен және сарапшыларымен бүкіл әлем бойынша әуежайлардың үш әріпті кодтарын тағайындау мен өзгерту бойынша ИАТА тәсілдерін өзгерту бағытында көп жұмыс істегенін атап өту қажет. Осы жұмыстардың нәтижесінде әлемнің барлық елдері әуежайларының үш әріпті кодтарына өзгерістер енгізуге бірегей мүмкіндік алды. Сонымен қатар еліміз азаматтық авиация өкілдерінің бүкіл әлем бойынша үш әріптен тұратын әуежай кодтарын тағайындау мен өзгерту туралы ИАТА қатарына түзету енгізу туралы бастамаларын қолдау мәселесін пысықтады.

Бұл өзгеріс ресми түрде 2020 жылдың 8 маусымынан бастап күшіне енеді және NQZ әуежайдың жаңа коды әуе билеттерді брондаудың барлық жүйелерінде, соның ішінде билеттерде, жол жүк биркаларында, ақпараттық таблоларда қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях