Мәскеуден жүлделі оралды

Мәскеуден жүлделі оралды

Таяуда Мәскеу қаласында «Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылым академиясы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, «Казахстан – Россия: Наука без границ» тақырыбында ІІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған Қаскелең қаласындағы Абай атындағы мектеп-гимназия директоры Т.Сайбырова мен бір топ оқушылар қатысып, жеңіспен оралды. Атап айтқанда, Тұрсын Әділбекқызы «Ретранслирование педагогического опыта НИШ: «25 книг, 25 песен» для духовного и личностного развития учащихся» атты жобасын қорғап, мұғалімдер мен білім қызметкерлері арасында  конференция жеңімпазы дипломымен, кәсіби шеберлігі үшін  «Білім үздігі» медалімен  марапатталды. Сонымен қатар 10-сынып оқушылары Әйгерім Жақсыкелдина мен Анель Бектасова, 11-сынып оқушысы Азиз Манасов қазақ тілі, биология, география пәндері бойынша түрлі тақырыптардан ғылыми жұмыстарын жақсы қорғап, жүлделі орындарды иеленді.

Сондай-ақ, математика пәнінің мұғалімі Еркеназ Ермаханова да арнайы сертификатқа ие болды. Осы жетістіктер нәтижесінде қатысушылар алдағы уақытта Польшада және Ұлыбританияда өтетін конференцияларға жолдама алды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях