Рахмет, саған туған ел!

Рахмет, саған туған ел!

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Көгерген көктемнің алғашқы күнімен тұстас келген Алғыс айту күні бүгін ауданымызда «Рахмет, саған туған ел!» атты мерекелік кеш ретінде аталып өтті.

Жиынды аудан әкімінің орынбасары Айжан Назарбаева құттықтау сөзбен ашып берді. 2016 жылы 14 қаңтарда Елбасымыз Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын. Көп этностың тағдырын тоғыстырған бұл күн – Қазақстан халқының ортақ тарихын құрметтеу, қайырымдылық дәстүрлерін жандандыру, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау, күрделі заманда иық тіресе бірге жүріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық ұлт өкілдерінің бір-біріне құрмет білдіретін күн екендігін айтқан Айжан Нұрділдәқызы жиналған қауымды мерекемен құттықтап, тілегін білдірді.

Одан соң, Алғыс айту күні туралы сахналық көрініс қойылып, әр ұлттың әншілері мен бишілері өнер көрсетті. Сонымен қатар, ауданымыздағы түрлі ұлт өкілдері ортаға шығып, қонақжай қазаққа деген алғыстарын білдірді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях