Партия филиалының төрағасы сайланды

0
2018

Бүгін  аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы Қарасай аудандық филиалының  кезектен тыс ХХV конференциясы өткізілді. Алдымен конференцияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық филиал Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді.

Мұнан кейін «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев сөз алып, бұрынғы филиал төрағасы Махаббат Бигелдиевтің осы орайда көп жақсы іс атқарғанын, мүшелердің санын  көбейткенін атап айта келе, оның атына жылы лебіз білдірді.

Сонымен қатар, аудандық филиал төрағалығына аудан  әкімі Жандарбек Далабаевты ұсынды.

Конференция делегаттары бұл ұсынысты бірауыздан қолдап дауыс беріп, Жандарбек Ермекұлы «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы болып сайланды.

Аудан басшысы өзіне сенім білдірген делегаттарға рахметін айтып, алда да партия жұмысын жүйелі жүргізетінін жеткізді.

Келесі кезекте  «Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев Елбасы, партия төрағасы Н. Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуінде тапсырылған міндет-мақсаттар жайында кеңінен баяндады.

Бұл ретте Ғалиасқар Төлендіұлы әр бастамаға жеке-жеке тоқталып, ол бойынша облыста атқарылып жатқан нақты істерді айқындап айтып берді.

Партия мүшелерін өз Көшбасшылары маңына тығыз топтасуға, аталған маңызды бастамаларды жүзеге асыруға үлестерін қосуға шақырды.

Конференцияда сөйлеген аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Сағат Мәсімақынов та Президенттің бес  әлеуметтік бастамасының мән-маңызы жөнінде өзінің оңды пікірлерін ортаға салып, жақсы тілектерін айтты.

Конференцияда қаралған мәселе бойынша тиісті қаулы қабылданды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь