Менингитке қатысты түсіндіру жұмысы өтті (Видео)

Менингитке қатысты түсіндіру жұмысы өтті (Видео)

Ауданымызға қарасты Абай ауылындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектепте үш оқушы менингит ауруын жұқтырғаны осы уақытқа дейін белгілі болған еді. Олардың алды 1 сынып оқыса, қалған екеуі 5 және 7 сыныптарда оқитын оқушылар. Бүгін осы білім ордасында дәрігер мамандар мен аудандық білім бөлімі ата-аналарға арнайы жиын өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  Балаларының денсаулықтарына алаңдатушылық білдірген ата-аналар қауымы басқосу барысында жұқпалы аурудың таралуына қауіптеніп, мектепті карантинге жабуды сұрауда. Алайда, білім ошағының басшылығы алаңдайтындай еш негіз жоқ екенін алға тартып, мектеп ішінде залалсыздандыру жұмыстары жүргізігенін түсіндірді. Сондай-ақ, менингитті жұқтырған балалармен қарым-қатынаста болған адамдардың барлығы да тексеруден өткен. Ата-аналар мен білікті мамандар арасында болған кездесуде дәрігер тарапы жұқпалы ауруға қатысты кеңестерін де жеткізді. Ал, қарасай аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын, қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Нұрлан Олжабаев аудан бойынша ауруға қатысты жағдай тұрақты екенін және менингитке қатысты алдын алу шаралары алға қойылғанын айтып өтті.

Сонымен жиын барысында, мектеп басшылығы өз тарапынан кесте бойынша сабақтың соңында білім ошағы медициналық тазартудан өтетінін және аптаның сенбі-жексенбі күндері мектеп іші толықтай залалсыздандыратынын жеткізді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях