Үміткерлер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды  

Үміткерлер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды   

Еліміздегі маңызды саяси науқан – сай­лау өтетін күнге де санаулы ғана уақыт қалды. Соған байланысты жержерде түрлі форматтағы кездесу жиындары қызу өтіп жатыр. Осы негізде бүгін, «Nur Otan» партиясы атынан  ҚР Парламенті Мәжілісі, облыстық және аудандық  мәслихат  депутаттығына үміткерлер Жамбыл және Елтай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Түске дейін ҚР Парламенті Мәжілісіне кандиттар: ҚР Белгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі Айгүл Құспан, журналист, көпбалалы ана Әлия Әбсеметова, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жасыбаев және  Алматы облыстық қаржы басқармасының басшысы Данияр Әлімбаев сынды өкілдер партияның бағыты айқын бағдарламаларын түсіндірді. Сонымен қатар, «Nur Otan» аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Қаныбек Айтжанов бастаған өзге де облыстық, аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдап, олардың тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

Алғашқы сөз алған  Айгүл Сайфоллақызы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы бірқатар бағыттарға тоқталып, еліміздің сыртқы саясатындағы жұмыстары жайлы айтты. Сонымен қатар,  пандемия кезіндегі қиындықтар, шетелдегі азаматтарымызға көмек беру, Бельгия сияқты мемлекетте сайлауға келмесе, айыппұл салатындығын тілге тиек етіп, қызықты ақпаратпен бөлісті.  Қазіргі кездегі әлеуметтік желідегі келеңсіз жағдайлар ел тәуелсіздігіне нұқсан келтірмеуі керек екендігін де атап өтті. Тұрғындар  «Алматы – Бішкек» тас жолының  бойындағы кептеліс мәселесін көтерді. Бұл сұраққа осы салада тәжірибесі мол Ержан Бәкірбайұлы нақты жауап беріп, жұмыстың қарқынды жүріп жатқанын түсіндірді. Нақтырақ айтқанда, бұл күре жолдың жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылып жатуындағы себеп: алғашқы сметалық жобалау жоспарының дұрыс құрылмағандығында екен. Қазіргі таңда, кеткен олқылықтардың орны толтырылып, жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

Түстен кейін үміткерлер Береке ауылының Мәдениет үйінде ауылдың жұртшылығымен жүздесті. Мұнда  сөз алған тоғыз баланың анасы, кандидат  Әлия Маратқызы азаматтық қоғам құрамыз  деген жалынды сөздермен еліміздің дамуына, проблемаларды шешуге бәріміз белсенді атсалысуымыз керектігін көтерді.  Оған қоса, облыс,  аудан деңгейінде атқарылған ауқымды істер жайлы айтты.

Кездесу барысында тұрғындар арасынан сұрақтар қойылды. Мәселен, елтайлық блогер Әлия Сәтпаева ауылдарындағы спорт алаңы мен интернет желісінің әлсіз екендігі жайлы айтып өтті. Үміткерлер бұл мәселені назарға алатындықтарын  айтып, бақылауда болатындығын жеткізді. Жиынға қатысқандар  10 қаңтар күні сайлау учаскесіне міндетті түрде барып, өз таңдауларын жасайтындықтарын айтты.

«Nur Otan» париясының сайлау қоры қаражаты есебінен төленеді. Тапсырыс беруші: Айтжанов Қ.Қ.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях