Қарасай ауданында да «Жасыл дәліз – 3» іске қосылды

Қарасай ауданында да «Жасыл дәліз – 3» іске қосылды

Мал шаруашылығы кәсібімен айналысып отырған жеке және заңды түлғалар 2022 жылдың 1 ақпан 31 мамыр аралығында «Ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» дерекқор жүйесінде «Жасыл дәліз – 3» функционалы іске қосылды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Бұл дегеніміз, әр тұрғынға бұрын тіркелмеген ересек жануарларын өз атына тіркеп алуға  мүмкіндік  беріліп  отыр. Ол үшін жергілікті жердегі  ветеринариялық ұйымдарға  барып өтініш  берілуі қажет.

«Жасыл дәліздің» ашылуы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына сәйкес, 2000-2021 жылдар аралығындағы туған күні диапазонымен АЖБ ақпараттық жүйесінде тіркелмеген жануарларды сәйкестендіру және тіркеу жөніндегі жұмысты аяқтауға мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығы  жануарларының АЖБ деректер базасында  тіркеу кезінде «Ауылдық округтер шаруашылық бойынша есепке алу кітабі» бөлімінің шаруашылық бойынша есепке алу кітабының сканерленген файлын  қоса толтыру қажет. Аталған шара АЖБ деректер базасында камералдық бақылауды және енгізілген деректердің дұрыстығын жүргізуге бағытталған .

«Жасыл дәліз – 3» тек төлдер, ауыл шаруашылық жануарладың барлық түрлері бойынша тіркеуге арналатынын айта кеткен жөн.

Естеріңізге сала кетейік, «Жасыл дәліз – 2» аясында жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша қосымша 71 343 ауыл шаруашылығы малы тіркелген.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях