Мемлекеттік қызметшілерге мерекені атап өткенше, мұқтаж отбасыларға көмектесу ұсынылды

Мемлекеттік қызметшілерге мерекені атап өткенше, мұқтаж отбасыларға көмектесу ұсынылды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Алматы қаласы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Данияр Таумұрат мемлекеттік қызметшілерге мереке қарсаңында  лауазымын шектен тыс  асыра пайдаланбауды ескертті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Брифинг барысында ол мемлекеттік қызметшілерге автокөліктерді өз мақсатына пайдаланбауға, мас күйінде көлік тізгіндемеуге, қызметтік абыройларына нұқсан келтірмеуге шақырды. Агенттіктің бірінші орынбасарының айтуынша, былтыр заңға қайшы материалдық сыйақы алғаны үшін мемлекеттік қызметшілерге екі млн теңгеге жуық жеті әкімшілік хаттама толтырылған. Мысалға, өткен жылы 2000 теңге көлемінде сыйақы алған  Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері 481 мың көлеміндегі айыппұлды төлеген. Ал, жол ережесін бұзған екі полиция қызметкерлерінің әрқайсысы 600 АЕК, яғни, 1,5 млн теңге әкімшілік айыпұл төлеуге мәжбүр болған.   Осы сынды нақтылы мәліметтерді мысалға келтірген Д. Таумұрат өз міндетін атқарған мемлекеттік қызметшілерге қай түрде болмасын сыйақы беруге қатаң тыйым салынатындығын ескертті.

Егер сыйлықтың құны екі АЕК мөлшерінен төмен, яғни, 5000 теңгедей болса, пара алған адамға  200 АЕК, яғни, 505 мың теңге көлемінде айыппұл салынады.   Ал, пара   600 АЕК, яғни, 1,5 млн теңгеден асса  қылмыстық жазаға тартылады екен.

Департамент өкілі  2000 алған теңге сыйлықтың 200 есе артық қайтарудың тиімсіздігін айтты. Тіпті мемлекеттік қызметшіге мереке қарсаңында немесе көпшіліктің ортасында берілген сыйлықты да өзінде қалдыруға құқығы жоқ екен. Мүлікті сақтау мен есебін жүргізу ережесіне сәйкес 7 күнтізбелік күн ішінде мемлекеттік қызметші алған мүлкін арнайы қорға өткізуге міндеттелгенн. Ал, сыйлықты өткізген тұлға арнайы мемлекеттік қордан сыйлықты нарықтық бағада сатып ала алады.

Сонымен қатар,  Данияр Таумұрат кез-келген мерекені аста-төк атап өткенше, мұқтаж отбасыларға сыйлық сыйлауды ұсынды. Аталмыш департамент  корпоративтік жиын өткізбейміз деп отыр. Жиналған қаражатты қайда жұмсайтындықтарын ақылдасу үстінде.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях