Аз қамтылған отбасылардың балаларына кепілдендірілген әлеуметтік пакет жасалды

Аз қамтылған отбасылардың балаларына кепілдендірілген әлеуметтік пакет жасалды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұсынымдары негізінде атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап берілетін кепілдендірілген әлеуметтік пакет құрды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

«Кепілді әлеуметтік пакет 1 жастан 6 жасқа дейінгі және 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға азық-түлік жиынтығы мен тұрмыстық химия тауарларының жиынтығы қосылады деп жоспарлануда. Өз кезегінде азық-түлік жиынтығы балалардың жас санатына байланысты әр түрлі болады: 1 жастан 3 жасқа дейін және 3 жастан 6 жасқа дейін», – делінген агенттіктің сайтындағы баспасөз хабарламасында.

Аталмыш азық-түлік пакеттері физиологиялық ерекшеліктерін, азық-түліктің энергетикалық құндылығы мен жас шамасына сәйкес оларды пайдалану нормаларын ескере отырып жасалады және айына бір рет, АӘК тағайындау кезеңіне шығарылатын болады.

1-6 жасқа дейінгі балаларға арналған тамақ өнімдері мен тұрмыстық химиялық заттар жиынтығының беріледі. Ал, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдеме 4 бөліктен тұрады. Оған: оқу орнында бір реттік тамақтану, мектеп формасы және оқу құралдарымен қамтамасыз ету, қоғамдық көлікте жол жүру ақысының 50% -ын өтеу кіреді. Мектеп формасы мен оқу құралдары балаларға жылына бір рет беріледі. Оларды алу туралы сертификаттарды оқу жылы басталмай тамыз айында табыс ету жоспарлануда.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях