Акция аясындағы жұмыстар жалғасуда

Акция аясындағы жұмыстар жалғасуда

Ағымдағы жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсан аралығында республика көлемінде «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты кең ауқымды акция өткізілуде. Акцияның негізгі мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың түрлері туралы кеңінен ақпарат беру, оның отбасында болмауын қадағалау  және жолын кесу бағытындағы профилактикалық жұмыстарды жүзеге асыру. Осыған орай,  бүгін аудандық «Nur Otan» партиясының филиалы ғимаратында  «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы өзекті мәселелер» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды  Karasayinfo.kz  желілік  басылымы.

Шараны Қарасай аудандық Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры Эльмира Есенбаева  ұйымдастырып, оған аудан әкімінің жанындағы «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі»  комиссияның мүшелері қатысты.

Аталған жиында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заң талаптары айтылып, әйелдерге көрсетілетін зорлық-зомбылықтан қалай сақтану, оның алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, жиынға қатысушылар күн тәртібіндегі осы өзекті мәселеге қатысты өз пікір-ұсыныстарын ортаға салды. Мысалы, мұндай жағдайларда мұқтаж аналарға материалдық-моральдық тұрғыдан көмек көрсетіліп, оларды қандай да бір еңбекпен қамтитын, психологиялық жағынан сауығуына көмектесетін, қалыпты өмір сүруіне жәрдемдесетін дағдарыс орталықтарының қажеттілігі туралы әңгіме қозғалды. Отбасындағы кикілжің құрбандарының көпшілігі моральдық тұрғыдағы мінеуден қорқып, құқық қорғау органдарына шағымданудан бас тартып жатады. Осыған орай, әйелдер мен қыздар арасында олардың құқықтық сауаттылығын арттырып, алдағы уақытта қылмыстық әрекеттерді болдырмау бағытында тиісті профилактикалық іс-шаралар көптеп жүргізу керек екендігі де айтылды. Ал, жоғарыда аталған комиссияның үйлестірушісі Ділда Әбілқасымова болса, аудандағы гендерлік саясаттың даму деңгейі жайлы айтып, өңірдегі әйелдерді қолдау орталықтары жайлы ақпарат берді .

Сонымен қатар, осы проблеманы шешу үшін құқық қорғау органдарығана емес, сондай-ақ, мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының күшін біріктірудің қажеттілігі екендігі де әңгіме арқауына айналды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях