Медицина қызметкерлері құрметке бөленді

Медицина қызметкерлері құрметке бөленді

Бүгін Қарасай аудандық Мәдениет үйінде Медицина қызметкерлері күніне арналған «Кәсібіңе мен сенің бас ием» атты мерекелік салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Аталған шарада аудан әкімінің орынбасары Рустам Атшабаров мереке иелерін құттықтап, жыл көлемінде атқарылған іргелі істерге тоқталып, ақ желеңді жандарға ыстық ықыласын білдірді.

– Бұл мереке адам жанын жүрекпен сезінетін, денсаулық сақтау саласының барлық қызметкерлерінің елең еңбегі бағаланатын күн. Сіздердің еңбектеріңіздің өлшемі бір-бірімен қайта табысқан адамдардың тағдырымен байланысты. Дәрігер – адам жанының арашашысы, жер бетіндегі сан-алуан кәсіптің ішіндегі ең қастерлі мамандықтың иесі, ал оның иесі болу үлкен мәртебе! – деді аудан басшысының орынбасары Рустам Әмірғалиұлы.

Айтулы мерекелік шарада елеулі еңбегімен озық шыққан қарасайлық медицина мамандары түрлі марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, «Алтын дәрігер» медалі, «Денсаулық сактау үздігі» төсбелгісі және Денсаулық сақтау министрі А.Ғинияттың, Алматы облысының әкімі М.Сұлтанғазиевтің Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқарма басшысының м.а. Л.Актаеваның, Қарасай ауданының әкімі Ж.Естеновтің Құрмет грамоталары табыс етілді.
Салтанатты шара әрі қарай аудан өнерпаздары паш еткен концерттік бағдарламаға ұласты. Әуезді әндер айтылып, бишілер өнерлерін ортаға салды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях