Республика бойынша үздік мемлекеттік қызметші атанды

Республика бойынша үздік мемлекеттік қызметші атанды

Жыл сайын мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру жолында «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» конкурсы өткізілетіні мәлім. Биыл бұл додаға Алматы облысының абыройын арттыру үшін қарасайлық азамат Жарылқасын Сақтаған қатысып, республика бойынша ең үздік деп танылды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Осыған дейін хабардар еткеніміздей, Алматы облысына қарасты аудандардан 20 үміткердің білімдері сыналып, солардың арасынан Қарасай ауданының атынан қатысқан Жарылқасын Талғатұлы облыс бойынша үздік мемлекеттік қызметші атанған болатын. Осылайша ол комиссия шешімі бойынша Астанада өтетін республикалық байқауға жолдама алды.

Жарылқасын Сақтаған елордада өткен республикалық конкурстың шарттарына сәйкес, мемлекеттік аппараттың қызметін арттыру бойынша ұсыныстарын енгізіп, презентация түрінде жұмысын қорғады. Мұндай бақталастыққа Қазақстанның әр өңіріненен 44 мемлекеттік қызметші үміткер ретінде сынға түскенін айта кету керек.

Сонымен республикалық байқаудағы комиссияның шешімімен Қарасай аудандық әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Жарылқасын Сақтағанның жұмыстарын жоғары бағалап, еліміз бойынша үздік мемлекеттік қызметші деп таныды. Бұл конкурстың нәтижесі кеше белгілі болды.

Жарылқасын Сақтағанның кешегі жетістігі мұнымен аяқталмады. 23 маусым – Мемлекетттік қызметшілер күні аясында облыстық мемлекеттік қызметшілер арасында өткен пікірсайыстан да олжалы болды. Ол былтыр атанған үздік нәтижесін биыл да қайталап, І орынға ие болды.

Аудан абыройын арттырып жүрген жерлесіміздің жеңісімен құттықтаймыз!

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях